386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында шілдедегі жол-көлік апаттарынан 43 адам қаза тапқан

  • 154
  • UPD: 17:11, 25.07.2019
Алматы облысында шілдедегі жол-көлік апаттарынан 43 адам қаза тапқан

Шілде айында Алматы облысында болған көлік апаттарынан 43 адам қаза тауып, 140-ы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдайға жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы себеп болған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды көсе-көлденең кесіп өтуі де ықпал еткен. Осыған орай облыстық полиция департаментінің өкілдері «Қауіпсіз жол» атты акция ұйымдастырып, жергілікті және республикалық жолдардағы бақылауды күшейтті. Рейдтің алғашқы күнінде 800-ден аса темір тұлпар иесінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Айта кетейік, соңғы алты айда облыстағы 11500-ден аса жүргізуші жауапқа тартылған.

Еркебұлан Ахметов, облыстық ПД ӘПБ аға инспекторы:

– «Қауіпсіз жол» іс шарасының негізігі мақсаты – жол оқиғасын болдырмау. Сонымен қатар медициналық қызметкерлермен бірлесіп, жолаушылар мен жүргізушілердің денсаулығын тексеріп, бірлескен іс шара жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы