386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда апаттық жағдайдағы жылу желілері ауыстырылып жатыр

  • 171
Оралда апаттық жағдайдағы жылу желілері ауыстырылып жатыр

Оралда мердігерлер апаттық жағдайдағы жылу желілерін ауыстыруды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша екі жылу магистралін қалпына келтіреді. Бұл мақсатқа 448 миллион теңге бөлінді. Қаланың алтыншы және тоғызыншы аудандарында жарты шақырымға жуық құбырларды ауыстыру жоспарланған. Тозығы жеткен жылу желілері сол жерде басым. Сондай-ақ «Жайықжылуэнерго» серіктестігі өз есебінен 4 шақырымдық бағытты жаңартады. Бұл жұмысқа 106 миллион теңге инвестицияланды. Жөндеу кезінде коммуналдық қызметтерге 47 тұрғын үй мен 6 әлеуметтік нысанды уақытша ыстық судан ажыратуға тура келді. Оның қатарында психиатриялық орталық пен жұқпалы аурулар ауруханасы бар. Толық жұмысты тамыз айының ортасына дейін аяқтау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы