386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста болған жарылыстан жарақат алған баланың жағдайы ауыр – дәрігер

  • 170
Арыста болған жарылыстан жарақат алған баланың жағдайы ауыр – дәрігер

Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасында Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен екi баланың жағдайы туралы мəлiм етiлдi, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Аталған аурухананың бас дəрiгерiнiң орынбасары Айдын Əшiмханов пен нейрохирург Ербол Қозбағаров екi баланың бiрi емделiп шыққанын жеткiздi.

«28 маусым күнi 00:10 уақытында санавиация желiсiмен Нұр-Сұлтан қаласына екi бала жеткiзiлдi. Бұл жарақаттар Арыс қаласынан эвакуация кезiнде болған жол апатынан алынған. Негiзiнен бас-ми жарақаты болып отыр. Ауруханаға түскенде олардың жағдайы ауыр деңгейде болды, ес-түссiз болды. Сол арада бiз елiмiздiң бiлiктi дəрiгерлерiмен жедел түрде ота жасадық. Қазiргi уақытта 2005 жылғы баланың жағдайы тұрақталып, үйiне шықты. Ол бас-ми, кеуде қуысының жарақаты жəне аяқ сүйегiнiң сынуымен келiп түстi. Аяғына ота жасап, тиiстi шаралар жасаған соң жағдайы қалыпқа келдi», – дедi Айдын Əшiмханов.

Ɵкiнiшке қарай, екiншi баланың жағдайы əлi күнге дейiн ауыр. Бүгiнге дейiн ес-түссiз, арнайы аппараттың кɵмегiмен демалып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қажет ем-шаралар қолданылып жатыр. Ресейдiң бiлiктi нейрохирургтары да бақылауында ұстап отыр.

«Екiншi бала бас-ми жарақатына байланысты ауыр күйде. Келген бетте бас миына ота жасадық. Ресейдiң, Израильдiң белгілі нейрохирургтары келiп ɵз тəжiрибелерiмен бɵлiстi. Қазiр ол түрлi дəрiлер арқылы реанимацияда ем қабылдап жатыр. Ендi ары қарай күтемiз», – дедi Ербол Қозбағаров.

Хабар 24 телеарнасы