384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондон соты М.Әблязовты БТА банк пайдасына 4 млрд доллар астам қаржы төлеуге міндеттеді

  • 343
  • UPD: 20:25, 25.07.2019

Лондон соты Мұхтар Әблязовты БТА банк пайдасына 4 млрд доллар астам қаржы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін аталмыш елдің соты қылмыскердің үнемі жалған сөйлеп, сотты жаңылыстырғысы келгені үшін 22 айға түрмеге жапқан болатын. Енді еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы БТА банктің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен бірге қылмыстық қоғамдастықтың жеті қатысушысын сотқа берді. Аталған тұлғалар тергеуге толық көмек көрсете отырып, Әблязовтың ақшаны ұрлау және оның ізін жасыру бойынша қылмыстық схемаларын егжей-тегжейлі ашты. Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қарастырылады.

Сергей Перов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

– Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің өкілдері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 17 адам халықаралық іздеуде жүр. Оның ішінде Мұхтар Әбіләзовтің өзі де бар.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа департаменттер құрылып, оның басшылары тағайындалғаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы