385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы: Шалқарлықтар жақында төселген жаңа жолдың сапасына алаңдап отыр

  • 197
  • UPD: 20:26, 25.07.2019

Арнамыздағы «Тексердік» бағдарламасы Шалқар ауылына апаратын жаңа жолды салуға көмектесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан 700 тұрғыны бар елді мекен сапалы жолдың салынуын 25 жыл күтті.

БЛИЦ:

– Қазір ешкім келгісі келмейді Шалқарға. Бәрі жол жаман деп айтады.

– Әкім уәде берді. – Қазіргі? – Қазіргі. – Аты кім? – Білмеймін. Көрмеген адамбыз оны.

Жасын Біркенов, тілші:

– Жергілікті әкімдік жол биыл басталады деп уәде еткен. Енді сол уәдесінде тұрды ма екен, біз қазір осы мәселені тексереміз.

Осыдан екі ай бұрын Шалқарға жету азап еді. Қорғалжын тас жолы мен ауылдың екі ортасы – небәрі 22 шақырым. Бірақ бұл қашықтықты еңсеру оңай болмады. Өртеніп тұрған өзекті мәселенің шешімін іздеп, жергілікті тұрғындардың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Сол кезде шалқарлықтар «Тексердік» бағдарламасының редакциясына хабарласты. Біз көрсеттік. Сөйтіп, сең қозғала бастады.

Әділет Әнуарбеков, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

– Биылғы жылға 970 млн теңге бөлінді. Ол 29 шақырым болып шықты. Бірақ жобаның құны – 1 млрд 400 млн. Жалпы 36 шақырым.

Осы күнге дейін жөндеу жұмыстарының жартысы аяқталды. Бірақ Шалқарға апаратын жолдың бәрі тақтадай тегіс болмайтын көрінеді.

Төкеш Жаңатуғанов, Шалқар ауылының тұрғыны:

– Неге 1,8 шақырым жөнделмеді? Ол ақша қайда кетті?

Әділет Әнуарбеков, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

– Құны – 1 млрд 400 млн. Осының ішіне 1,8 шақырым кірген жоқ. Жобалау кезінде техникалық қателік кетті.

Ол ол ма, тұрғындар жаңа жолдың сапасына алаңдаулы.

Бибігүл Сабыкенова, Шалқар ауылының тұрғыны:

– 1,5-2 ай бұрын бұл жерге щебень мен цементті төсеп тастады. Сондай технологиясы бар. Сонда ол 15 күн жату керек пе? Ал ол 2 ай жатты. Ол екі айда қандай цемент қалды, қандай щебень қалды. Жатқанның бәрі желмен ұшып кетті.

Биыл Шалқар ауылына – 90 жыл. Бұл тойды ауылдың тұрғындары тамыз айында дүбірлетіп атап өтпек. Ол үшін жергілікті халық аудандық һәм облыстық әкімдіктен бір тиын сұрап жатқан жоқ. «Тек ширек ғасыр аңсаған жолымыз толық төселсе» деген тілегі бар ауылдықтардың.

Авторлары: Ж.Біркенов және Сергей Селищев

Хабар 24 телеарнасы