386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар елордадағы қалың тұманның себебін айтты

  • 156
Мамандар елордадағы қалың тұманның себебін айтты

Елорданы кешеден бері қалың тұман басты.

Осыған байланысты синоптиктер ауа құрамына зерттеу жүргізді. Сараптама нәтижесінде атмосфераның ластану көрсеткіші шамадан аспағаны анықталды. Көк тұманның сейілмеуіне жел жылдамдығының баяулығы да себеп болып отыр. Оның үстіне, ауада дымқылдық байқалады. Ал экологтар қаланы тұманның басуы жаңбырдан соңғы табиғи құбылыс, дейді. Сондай-ақ бұған өндіріс ошақтарынан шығатын түтіннің де әсері бар. Мамандар мұны шешудің бірден-бір жолы қаланы жылдамдатып газға көшіру керек, деп санайды. 

Азаматхан Әміртай, «Экологиялық Альянс-байтақ болашақ" қоғамдық ұйымының төрағасы:

– Соңғы күнде Нұр-Сұлтанда тұман болып тұр. Мұның себептерінің бірі ол табиғат жағдайына байланысты. Жаңбырлы күн болды. Бұлтты болғаннан кейін осындай жағдай болып тұр. Екінші мәселе, бізде үлкен өндіріс орындары бар. Сол көмірдің түтіні қалаға келіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы