389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

  • 310
  • UPD: 22:24, 25.07.2019
Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

Ақтөбедегі «Нұр Зерек» балабақшасында оқыс оқиға тіркелді.

Терезеден құлаған бала ауруханада жатыр. «Нұр Зерек» балабақшасы бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Меңгеруші комиссия тексеріп жатқанын хабарлады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы тұрақты деп отыр. «Баланың жарақатына байланысты оны керіп қойдық. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады дәрігерлер.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы