386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараз тұрғындарын қызмет көрсету агенттігі алдап кеткен

  • 119
  • UPD: 07:26, 26.07.2019
Тараз тұрғындарын қызмет көрсету агенттігі алдап кеткен

Тараз қаласының тұрғындары еңбекпен қамтитын агенттіктің жұмысына наразы.

Интернеттегі шетелде жұмысқа орналастыру туралы хабарламаға кезіккен олар Лондонға аттануды жөн санапты. Жұмысқа міндетті түрде орналастыру кепілдігін беретін қызығарлық ұсынысқа 10 адам іліккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі - Садықжан Ысқақов. Ол бұған дейін автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істеген. Жалақысы 800 мың теңге деп көрсетілген сайттағы хабарламаға қызығып, Лондонға ұшып барған. Күтіп алушылар оны қонақ үйге жайғастырғанымен, уәде етілгендей        жұмыс бермеген. Ал өзге отандастарымызды ешкім қарсы алмапты. Бейтаныс қалада олар далада қалып, өз бетінше нәпақа табуға мәжбүр болған. Келісімде «міндеттемелерді орындай алмаған жағдайда агенттік жол шығынын өтеуі тиіс» деп жазылған. Соған сәйкес тұрғындар полицияға арыз жазды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты жұмыс берушілер түсінік беруден бас тартып отыр.

Светлана Ахметова, қала тұрғыны:

- Өтеген және Good job агенттіктері жұмыс картасын әзірлеп береміз деп уәделерін берген. Алайда, сөздеріне тұрмады. Бізді ешкім күтіп алған жоқ. Өзімізге жұмыс іздеуге тура келді. Қаншама қиындық көрдік. Агенттік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. Далада қалдық. Еңбек келісіміне сәйкес бірде-бір шарттарын орындаған жоқ. Тек ұшып баруымызды ғана қамтамасыз етті. Оны біз басқа туристік агенттік арқылы да шеше алатын едік. Көбісі қайтып оралды. Ал біз үйге билетке ақша таба алмай әуре-сарсаңға түстік.

Хабар 24 телеарнасы