384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бірыңғай медициналық ахуал орталығы ашылды

  • 422
  • UPD: 11:51, 26.07.2019

Оның көмегімен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері медициналық мекемелердің жұмысын қадағалап, онлайн режимде емделушілер жайлы мәліметтерді талдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жоба дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтуға негізделген.

Түркістан облысындағы барлық аудандық және ауылдық ауруханалар компьютермен қамтылып, ахуалдық орталыққа қосылған. Жаңа жоба цифрландыру шеңберінде іске асырылды. Оның көмегімен Денсаулық сақтау басқармасының мамандары емдеу мекемелері, бөлімдердің жұмысын бақылап, әр дәрігер туралы толыққанды және расталған ақпарат алуға ие. Одан қалды жаңашылдық дәрігерлер арасындағы қағазбастылықты жоюға септігін тигізген.

Нұржан Тағаниязов, Қоғамдық денсаулық басқармасының маманы:

- Мысалға келтіретін болсақ, дәрігерді үйге шақырту. Бір дәрігерді бес науқас үйіне шақыртты. Осындай жағдай болса, ахуалдық орталықта оның қаншауына барылды, неге барылмай жатыр, үшеуіне барылса, неліктен екеуіне барылған жоқ Ахуалдық орталық барлығын уақытылы бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылы барлық облыс тұрғындарының денсаулық төлқұжаттары цифрлық форматқа ауыстырылды. Электронды құжаттарда нәрестенің туғаннан қандай ауруларға шалдыққаны туралы жазбалар сақталған. Медициналық қызметтерді цирфландыру мәселесі де ерекше бақылауда. Мысалы, Түркістандағы орталық емханада электронды кезек жүйесі енгізілген. Нәтижесінде тіркеу бөліміне келушілер саны сиреген.

Жанар Оспанова, қалалық емхананың бас дәрігері:

- Электронды кезек жүйесінің төрт түрі арқылы дәрігерлерге келіп медициналық қызмет алып жатыр. Оның бірі терминал арқылы, екіншісі онлайн мобильді қосымша арқылы жазылу. Мобильді қосымшасы, смартфоны жоқ тұрғындар емханаға келген кезде қамту бұрышына барып, өзіне керекті қызметті өздері кіріп, онлайн арқылы жазылумен өздеріне керегін алады.

Облыстың денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысы сауықтандыру және профилактика, медициналық көмек көрсету, сырқатты емдеу және оңалту сияқты 4 бағытта жүзеге асып жатыр. Өңір бойынша қазір 39 мемлекеттік медициналық мекеме жұмыс істейді.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Рауль Ғабитов, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы