386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бір күнде жол ережесін бұзған 300-ден астам адамға айыппұл салынды

  • 197
  • UPD: 11:03, 26.07.2019
Елордада бір күнде жол ережесін бұзған 300-ден астам адамға айыппұл салынды sevastopol.su

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзғандарын анықтауда.

24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған жаяу жүргіншілер бойынша рейдтік және алдын-алу іс-шараларын жүргізілді. Нәтижесінде бір күнде 300-ден астам жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзғаны анықталды. Сонымен қатар 500 жаяу жүргіншімен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар қоғамдық көліктің жүргізушілерімен де жұмыс өткізілуде. Қоғамдық көліктің жүргізушілерімен 26 жол-жүру ережесін бұзу фактісі анықталып, шара қолданылды. Қоғамдық көліктің техникалық ахуалына жауапты 8 лауазымдық тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

Талдауға сүйенсек, осы жылдың 6 ай ішінде 264 жол-көлік оқиғасы тіркелген, нәтижесінде 10 қайтыс болып, 368 адам әр түрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Хабар 24 телеарнасы