386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста бір тәулік ішінде тағы 133 үй қалпына келтірілді

  • 166
Арыста бір тәулік ішінде тағы 133 үй қалпына келтірілді

26 шілдеге дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге (бір күн бұрын 2179) жетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлер еліміздің 14 өңірі мен Республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделуде және қайта тұрғызылуда.

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған. Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүргізілуде, онда 355 үй қалпына келтірілді, Батыс Қазақстан облысында (290 үй) және Қызылорда облысында (177 үй).

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ орын алған алғашқы күндерден бастап Арыс қаласында жүрген ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тарапынан құрылыс жұмыстарының барысына күн сайынғы мониторинг жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы