386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мүгедек балаларды еңбек етуге мәжбүрлеген

  • 121
  • UPD: 12:52, 26.07.2019
Атырауда мүгедек балаларды еңбек етуге мәжбүрлеген 24.kg

Бұл туралы облыстық прокуратура жартыжылдықты қорытындылау есебінде айтты, деп жазады Мой город сайты.

Бақылаушы органның мәліметінше, 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 арнаулы қызмет орталығында қатыгездік таныту мен күш көрсету фактісі орын алған. Ата-ана қарауынсыз қалған және кембағал жеткіншектер күштеп еңбекке тартылған.

Атырау облыстық прокуратурасының айтуынша, 322 оқушы білім алып жатқан, оның ішінде жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер бар, ұлттық дарынды балаларға арналған гимназияда каникул кезінде демалыс тиісті төртеудің орнынан жылына тек 2 рет беріліп келген.

Аталған жайттар облыс прокуратурасында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – дейді прокурор өз сөзінде.

Хабар 24 телеарнасы