385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Жұмағалиев: Қауіпсіздік сертификаты кибершабуылдан қорғайды

  • 181
  • UPD: 13:44, 26.07.2019
А.Жұмағалиев: Қауіпсіздік сертификаты кибершабуылдан қорғайды

Мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік сертификатын бір жарым жылдан бері пайдаланып келеді.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэро-ғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысының айтуынша, аталған сертификат балаларды зиянды контенттен шектеп, ғаламторда жұмыс істеуге кедергі келтіретін түрлі вирустардан қорғайды. Сондай-ақ суицид пен лаңкестікті насихаттайтын ақпараттарға тосқауыл қояды. Қауіпсіздік сертификатын орнату әркімнің өз еркінде. Ал министрдің өзі аталған сертификатты смартфонына жақында ғана орнатқан екен.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Тек соңғы айда аталған сертификат 8 миллионнан астам вирустық белсенділіктің актілерін анықтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер жұмысына қарсы бағытталған 130 мың кибер шабуылдан қорғауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік қызметшілер ретінде қауіпсіздік сертификаты аясында тиісті жұмыстарды жалғастырамыз. Ел тұрғындары өз еркімен аталған сертификатты орнатады.

Хабар 24 телеарнасы