Күннің ысуынан Алматы облысында өрт шығу оқиғалары жиілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе, мұндай жағдай жайылымдық жерлерде жиі тіркеледі. Мәселен, жаз басталғалы сала мамандары далалы алқаптағы 600-ден аса өртті сөндірген. Облыс орталығы тұрғындарына қауіп төндірген жағдайлардың бірі 5 күн бұрын болды. «Көктал» ықшам ауданында қураған шөп тұтанып, 200 гектар аумақты қызыл жалын шарпыған. Отты сөндіру үшін 10-нан аса техника мен 65 адам жұмылдырылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Константин Канин, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Алматы облысының аумағында 10 орман өрті, екі рет шабындық жердің өртенуі тіркелді. Сонымен қатар, екі егістік алқап отқа оранды. Оның жалпы аумағы 6 гектар болып отыр.