386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР вице-премьері Жеңіс Қасымбек Арыс қаласына келді

  • 186
ҚР вице-премьері Жеңіс Қасымбек Арыс қаласына келді

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді.

Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған 431 үйдің қазіргі таңда үшеуі толық жөнделген. Ал BI Group компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топ кейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта қайта қалпына келтіруге қажетті 572 баспананың 105-інде құрылыс толығымен аяқталған.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған «Арыс-1» теміржол вокзалына да аялдады. Мұндағы тірлік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тиесілі. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев міндеттелген шаруа толығымен уақтылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Кейін топ Шымкент қаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген. Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған. Бұдан кейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына көңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларына тапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.

Арыс қаласаның бүгінгі жай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын қарқындату қажеттігін тапсырды.

Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы