386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында мас күйінде көлік тізгіндеген 32 жүргізуші ұсталды

  • 145
  • UPD: 16:39, 26.07.2019
Қостанай облысында мас күйінде көлік тізгіндеген 32 жүргізуші ұсталды

Қостанай облысында екі күннің ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 32 жүргізуші ұсталды.

Жүргізуші куәлігінен айырылған тағы 13 адам темір тұлпар басқарғаны үшін жазаға тартылады. Заң бұзушылар «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлердің назарына іліккен. Апаттың алдын алып, жүргізішулердің тәртібін күшейту мақсатында қазір өңірде уақытша сегіз бекет жасақталды. Олар облыстық, республикалық маңызға ие жолдар бойында орналасқан. Жалпы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аймақ жолдарында апаттар азайған. Жол-көлік оқиғалары 7 процентке, ал апаттан көз жұму деректері 5 процентке кеміген.

Раджан Асқар, жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Тәжірибе көрсеткендей, жазғы уақытта жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалы көбейеді. Осыған орай 24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсаты жүргізушілерге жол қауіпсіздігін ережелерін бұзбау үшін түсіндірілді.

Хабар 24 телеарнасы