386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте биыл 23 адамды қарақұрт шаққан

  • 190
  • UPD: 18:42, 26.07.2019
Шымкентте биыл 23 адамды қарақұрт шаққан

Шымкентте жыл басынан бері жиырмадан астам адамды қарақұрт шағып, ауруханаға түскен.

Улы өрмекшілер тұқымына жататын жәндіктер күн қатты ысығанда оянатын көрінеді. Олардан төнетін қауіп зор екен. Қарақұрт шаққан адам әуелі тыныс алудан қалады. Сосын аяқ-қолы істемей, денесі құрысады. Қарақұрт көбінесе ер адамдарды шағатын көрінеді. Ақ халаттылардың айтуынша, биыл қарақұрттан үш бала зардап шеккен.

Асылхан Мыңбосынов, қалалық т.орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі:

- Қарақұрт шаққан науқастардың көбісі біздің осы мөлтек аудандардан келгендер. Мына Қазығұрт, Құрсай, Самал-3, Самал-2-де бар. Көбінесе бізге түнгі сағат 02:00 ден кейін түседі. Науқастардың көбі далада жатқанда болады оқиға. Сол жер үйлерден көп түседі науқастар.

Хабар 24 телеарнасы