386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсуда тексеруден өтпеген ет сатылып кете жаздады

  • 192
  • UPD: 19:08, 26.07.2019
Ақсуда тексеруден өтпеген ет сатылып кете жаздады

Ақсуда өткен жәрмеңкеде зертханалық тексеруден өтпеген мал еті сатылып кете жаздады.

Бұл деректі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы мониторингтік топ анықтады. Тиісті құжаттары жоқ қой еті де саудаға шығарылған. Оны да тексеру тобы анықтап, сатылымнан алып тастады. Әрі қарай зертханалық тексеруге жіберген. Сала мамандары мұндай шаралар облыстың қала-аудандарында тұрақты түрде өтіп тұрады деседі. Және осы тектес деректерді байқаған азаматтардан шұғыл желіге хабарласуларын сұрап отыр.

Қобланбек Қожин, мониторингтік топ жетекшісі:

- Малды сойған бетте ол малды қасапханада сойып, одан кейін жергілікті әкімшіліктен анықтама қағазын алып келіп, нарыққа әкеліп, одан кейін ветеринарлық инспекциядан керек құжатты алғаннан кейін мөрін еткен қойып, кейін халыққа сатуға рұқсат берілетінін білесіздер. Біздің мақсатымыз айыптау емес, бұл мәселеге біз көңіл аударып, керекті мемлекеттік қызметкрелер көңіл аударып, әрі қарай мұндай құқық бұзушылық болмас үшін сондай бір жұмыс атқаруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы