386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ас тұзын көп тұтынатын елдер арасында көш бастап тұр

  • 189
  • UPD: 21:04, 26.07.2019

Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің көшін бастап тұр. Бұл басқа емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Негізі тұздың тәуліктік мөлшері 5 грамнан аспауы тиіс.

Ал бізде бұл норма үш есе артық, 17 грамнан асып кеткен. Дәрігерлер мұның денсаулыққа келтірер зияны зор деп, дабыл қағуда. 

Тұзсыз тағам жей аласыз ба? Осы сауалды біраз адамға қойып көрдік.

БЛИЦ:

  1. Жо-жоқ. Тұзсыз тамақ жей алмаймын мен.
  2. Бірақ тұзсыз болмайды енді тамақ. 
  3. Тұзбен дәмді ғой. 
  4. Жұмыртқа, көкөніске тұз сеппей-ақ жей берем. Артық қолданбаймын. 

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Ал сіз ше? Тұз қоспасаңыз, тамағыңыз дәмсіз бола ма? Бірақ дәл осы тұздың ағзаға аса қауіпті екенін айтып дәрігерлер дабыл қағып отыр. Оның мөлшерін қалай азайтуға болады? Жолдарын бірге қарастырып көрейік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі былай тұрсын, өзіміздің мамандар да тұзды тұтыну мөлшерін азайту керек дейді. Өйпегенде инсульт, инфаркт, жүрек-қан тамырлары аурулары мен артериалық гипертония, тіпті екінші типтегі қант диабеті дертіне шалдықтыруы мүмкін.

Ильзира Тәліпова, ҚР Президенті іс басқармасы ауруханасының дәрігері:

- Қазір фастфуд дегендер көбейіп кетті. Олардың бәрінде тұз көп. Оны қазір кішкентай балаларда ұнатады. Былайша айтқанда ол бір жағынан адамның дәм сезу рецепторына дейін кері әсерін тигізіп жатады. Тұзды тамақты жеп үйреніп қалған адам тәуелділік пайда болған. Тұзды жесем екен деген.  

Ал мамандар тұзды тұтыну мөлшерін жыл сайын 1 грамнан азайтып отыруды ұсынады. Ол үшін тамақ өнеркәсібі өкілдерімен келісім орнатпақ. Бірінші болып, нан-тоқаш өнімдерінің құрамындағы тұзды азайтуды ұсынып отыр.    

Қорлан Сәменова, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының маманы:

- Нан-тоқаш өнімдерін өндіретін кәсіпкерлермен келіссөз жасап, тұз мөлшерін жыл сайын 1 гараммға азайтуға келісім жүзігудеміз. Зерттеу жүргізілген. Бірталай зерттеулер Қызылорда, Алматы қаласында жүргізілді. Қазіргі жастар сол донер дейді, осындай тағамдар жейді. Солардың әсерінен тұз мөлшері Қазақстан жоғары болып тұр.

Еліміздегі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бұл мақсатта бірқатар кешенді шараларды қолға алды. Бірінші  дұрыс тамақтану салтын қалыптастыруды көздемек. Тұздың тәуіліктік мөлшерін біртіндеп азайтпақ. Жыл сайын әртүрлі тағамнан 1 грамнан азайтып отыру керек екен. Осы мақсатта бірінші болып, Қазақ аграрлық техникалық университетімен келісім жасасты. Оқу орнының шағын наубайханасында пісірілетін нанға қосылатын тұз азайтылатын болды.

Айтжан Әбдіров, Қазақ аграрлық техникалық университеті ректорының бірінші орынбасары:

- Университетімізде тағаммен байланысты бірқатар мамандықтар бар. Бүгін қандай заманауи талаптар болуы керектігін олар білуі керек. Соның ішінде мына тағамның құрамындағы тұздың көлемі. Көп өндіріс бар тағам жасайтын, сырттан келетіні бар. Құрамында тұр өте көп. Студенттер соны білуі керек.

Ғылыми медициналық тәжірибеге сүйенсек, бір адамға тәулігіне 1 грамм тұздың өзі жетіп жатыр. Сондықтан дұрыс тамақтану салтына өзіңізді қазірден бейімдеу қажеттілігін еске саламыз.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Аят Дүйсенбаев, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы