385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы зообағындағы жануарлар диагнозға сәйкес жасалмаған емнің кесірінен өлген

  • 163
  • UPD: 21:35, 26.07.2019

Алматыдағы хайуанаттар бағында 2 айдың ішінде алты аң өлген. Осыған байланысты ішкі тексеру жүргізілген еді. Қорытындысы арнайы өткен брифингте жарияланды. 

Тәуелсіз комиссия сарапшыларының айтуынша, Гера және Ассоль есімді арыстанның екі күшігінің ажалы жұқпалы инфекциядан болған. Герада бұл ауру анық байқалса, Ассольді емдеу барысында түзетулер жасалып, диагнозға сәйкес келмейтін ем-шаралар жүргізілген. Бұл аңның жағдайының одан әрі нашарлауына әсер еткен.

Константин Плахов, зоолог:

- Грация атты керікті  емдегенде де осы жағдай қайталанған. Емдеу шаралары дер кезінде басталғанымен, аңды өлгеннен соң сойған кезде оның диагнозы екі жақты бүйрек инфаркты екені анықталды. Жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілген емдеу шаралары өлімге себеп болған диагнозға мүлде сәйкес келмеген.

Рокки есімді бұланды хайуанаттар бағына жеке адамдар әкеліп тапсырған. Бұлан ағзаның улануынан өлген. Ал Алма атты ұрғашы керік жұқпалы аурудан көз жұмған. Комиссия аңдардың баққа келіп түскен кезде тексеру жұмыстары жасалмағанын, ауру белгілері байқалғанда тиісті сараптама алынбағанын анықтаған. Қызметтік міндетін дұрыс атқармаған мал дәрігерлерін тиісті әкімшілік жазаға тарту туралы шешім шығарды.

Константин Плахов, зоолог:

- Ветеринарлық және басқа да бөлімдердің қызметкерлеріне өз міндеттерін дұрыс атқару туралы ескерту керек. Зообақтың аумағын жақсарту жаңадан келіп түскен аңдарды қабылдау тәртібін нығайтып, мамандардың біліктілігін арттыру үшін тренингтер өткізу керек.

Хайуанттар бағындағы аңдардың қатары 2010 жылдан бері толықтырылмаған. Ал зообақта қалған үш керіктің бірі 20, екіншісі 18 жаста екенін ескерсек, бұл аңдар да енді көп өмір сүрмейді, дейді зообақ басшылығы. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы