386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазТрансОйл» компаниясы жыл сайын студенттерді ақысы төленетін тәжірибеден өткізеді

  • 183
  • UPD: 23:06, 26.07.2019

«ҚазТрансОйл» компаниясы жастар жылы аясында Білім және Ғылым министрілгімен бірлесіп, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу туралы бірлескен меморандумға қол қойды.

Сол уағдаластыққа сәйкес мұнай тасымал компаниясы жылына 430-дан астам студентті ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өткізеді. Студенттердің алғашқы легі компанияда теориялық білімін практикамен шыңдады. Бүгін компанияның бас директоры Димаш Досанов студенттермен  кездесіп, олардың өндірістік тәжірибиесінің өту барысымен танысты.

Қарағанды өңіріне жұмыс сапармен келген «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Димаш Досанов жастарды қолдау бағдарламасының орындалуын жіті бақылауында ұстап отыр. Бүгін қарағандыдағы нысанда тәжірибе алып жатқан студенттермен арнайы кездесті.

Димаш Досанов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры:

- Ең алдыменен біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтағы студенттерді қарастырамыз. Жалпы келешекте аға буынның орнын басатын білікті жас мамандарды іріктеу осындай тәсілмен шешілуі керек деп ойлаймын. Жастарға өздерінің шеберліктерін шыңдап, көрсете алатын мүмкіндік туғызған жөн. Біз ел бойынша 11 жоғары оқу орындары және колледждермен келісім шарт құрдық.

«КазТрансОйл» компаниясында жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп келген білікті мамандар жастарға тәлімгер болу үлкен қуаныш дейді. Қазір қарағандыдағы мұнайқұбыры басқармасында 22 студент тәжірибеден өтуде. 9 студент  жоғары оқу орнынан келген.

Қайыржан Сыздықов, технологиялық көлік және арнайы техника цехының бақылаушы механигі:

- Білгенімізді үйретеміз. Осында қаншама жыл жұмыс істедік, сол білімімізді бергіміз келеді соларға. Неге десеңіз ертең бізді ауыстыратын мамандар керек ғой біздің компанияға білімі бар.

Нұрлан Әбетов техникалық колледждің 3 ші курс студенті. Автокөлік техникаларына қызмет көрсету және жөндеу мамандағын игеріп жатқан ол қазір тәжірибелі техник-механик мамандарының тәжірибесін алып жатыр. Тәжірибе барысында арнайы киім, тегін тамақ пен жол ақысынан бөлек 70 мың теңге төлемақысын алады. Мұндай қолдауға студент дән риза.

Нұрлан Әбетов, колледж студенті:

- Мен өзім колледж қабырғасында теориялық білім алып, осында тәжірибе ретінде бәрін білуге келдім. Теориядан қарағанда осында өзіңнің қолыңмен бәрін ұстап, жөндеп, тексеріп көресің, сонда тез үйренесің. Қазіргі студенттерге осындай тәжірибелер ыңғайлы, тегін, төленетін тәжірибелер жақсы.

«КазТрансОйл» компаниясы жастарды қолдау бағдарламасы аясында республика бойынша жылына 450-ге жуық студентті төленетін тәжірибемен қамтуды көздеп отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы