386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасына тіркеу басталды

  • 268
  • UPD: 22:36, 26.07.2019
Елімізде «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасына тіркеу басталды

«Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасына тіркеу басталды. Бұл туралы жобаның онжылдығына орай өткізілген баспасөз маслихатында  «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова мәлімдеді.

Бірнеше кезеңнен тұратын байқау аясында еліміздің әр өңірінен 3 адамнан 51 жас іріктеліп алынады. Жеңімпаздардың 34-і  Парламентте, ал қалған 17 адам Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтеді. Байқауға jastar-rezerv.kz сайтына өтінім жіберген 18 бен 29 жас аралығындағы кез-келген Қазақстан Республикасының азаматты қатыса алады. Мерейтойлық жоба «Болашақ» қауымдастығының «Азаматтық басмалар орталығы» және еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Лаура Демесінова, «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры:

- Қазақстанның барлық өңірлері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жастарды қазірден бастап жобаға белсенді қатысуға шақырамыз. Тіркеу 5 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Өтінімдеріңізді жіберіңіздер. Іріктеуден өткен барлық 51 адам Нұр-сұлтан қаласында арнайы тренингке қатысады, Кейін олар Парламентте және өзге де мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтеді. Біздің мақсатымыз жобаның көмегімен еліміздің жас ұрпағының әлеуетіне негізделген мықты резерв құру.

Хабар 24 телеарнасы