386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жағалаудан 22 жастағы жігіттің денесі табылды 

  • 214
  • UPD: 07:18, 27.07.2019
Ақтауда жағалаудан 22 жастағы жігіттің денесі табылды 

Ақтаудағы демалыс базасында суға кеткен 22 жастағы жігіттің денесі Шора каналының бойынан табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адамның мәйіті туыстарына берілді. Сондай-ақ осы маңда демалып жүрген тараздық бір отбасы түгелдей теңізге кете жаздады. Абырой болғанда, куәгерлер төрт адамның өмірін сақтап қалды. Құтқарушылармен бірге түсіру тобымыз барған сәтте дәрігерлер екі қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатты. Ал олардың ата-анасы жағажайға өз бетімен жүзіп шыққан.

Бауыржан Мырзағұлов, шұғыл құтқару жасағы басшысының орынбасары:

– Шора каналында суға түскен бір отбасыға көмек қажеттігі туралы хабарлама жергілікті уақытпен 15.30-да келіп түсті. Айтылған жерге шұғыл құтқару жасағы жіберілді. Олар жеткенге дейін осы маңдағы құрылыста жүрген жұмысшылар суға батқандарды жағалауға алып шыққан. Олардың Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. Бұл азаматтар шомылуға келген аймақ өмірге аса қауіпті саналады. Оған түсуге қатаң тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы