386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында биыл 25 адам суға кеткен

  • 210
  • UPD: 07:30, 27.07.2019
Алматы облысында биыл 25 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 25 адам суға кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза тапқандардың оны - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Қайғылы жағдайға демалушылардың бейқамдығы себеп. Сонымен қатар демалыс орындарының бекітілген талаптарды орындамауы да ықпал еткен. Адам шығынын болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арнайы рейд өткізіп жатыр. Мамандар Балқаш, Қапшағай және Алакөл жағалауындағы тынығушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Жадынамалар таратып, сақтық шараларын естен шығармау керектігіне баса назар аударды.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

– Рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуға болмайды. Құтқарушылары бар демалыс орнын таңдаған жөн. Егер жүзе алмасаңыздар, терең жерге бармау керек. Және ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Ең бастысы жасөспірімдер мен кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы