386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда балалар дәрігері қызмет орнында екі рет дөрекілік көрсеткен

  • 170
Ақтауда балалар дәрігері қызмет орнында екі рет дөрекілік көрсеткен

Ақтаулық судьялар әлеуметтік желіні шулатқан балалар дәрігеріне қатысты брифинг өткізді.

Істі қараған заңгерлер айыпталушының биыл қызмет орнында екі рет дөрекілікке барғанын айтып отыр. Алғашқы дерек наурыз айында тіркелген. Қаралуға келген азамат оның бейәдеп сөзіне шыдамай үстінен арыз жазады. Бұл ретте кінәлі тұлғаға айыппұл салынды. Ал осы жолы дәрігер сырқат немересін әкелген тұрғынды жұқпалы аурулар ауруханасына жолдапты. Ондағылар диагноздың дұрыс қойылмағанын айтып, науқасты кері қайтарған. Күн ыстықта әрі-бері жүргізіп қойған медицина қызметкерін баланың туыстары жұмыс орнында балағаттаған. Оларға дәрігердің қарсы сөз айтып тұрған сәті бейнекамераға жазылып қалды. Таспаны қараған соң судьялар екі тарапты да кінәлі деп тапты. 

Гүлмира Сүйеуова, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

– Яғни Мырзахметова немересін құшақтап қайтадан ауруханаға барады. Ашулы күйде тағы да кезекте тұрам ба деп кезектен тыс кіреді. Араларында түсінбеушілік болады. Бір-біріне дөрекі сөйлеп, айқайлайды. Өзгелердің көзінше қоғамдық тәртіпті бұзады. Мырхзахметоваға қатысты да әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 434 бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік іс қозғалды. Ол азаматша 2-топтағы мүгедек, зейнеткер екенін ескере отырып, 5 АЕК айыппұл тағайындалды. Ал Отарғазиевке 15 тәулік көзделгенмен, жұмыс жасайтыны ескеріліп, бір тәулікке қамаққа алу жазасы қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы