386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


450 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан павлодарлық екі жасар сәбиге күрделі операция жасалды

  • 208
  • UPD: 08:15, 27.07.2019
450 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан павлодарлық екі жасар сәбиге күрделі операция жасалды

450 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Кәрім бірегей операциядан соң емін Павлодарда жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрім Тәңірбергеновтің мойын омыртқасына аса күрделі операция елордадағы ұлттық нейрохирургия орталығында жасалған болатын. Екі жасар сәби орталықта екі айдай жатқан соң өңірге санитарлық авиациямен әкелінді. Мамандардың айтуынша, бала жолды жақсы көтерді. Алайда қазіргі уақытта оның ағзасы жасанды демалу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің хабарлауынша, Кәрімнің денсаулығы тұрақты ауыр күйде. Ол болашақта өздігімен дем ала ма, жоқ па, ол туралы әзірге айту қиын, дейді ақ халатылар. Ендігі мақсат - кешенді оңалту шараларын жүргізу. Еске салсақ, Кәрім Тәңірбергенов жекеменшік мануальді терапевттің қабылдауынан кейін жансақтау бөліміне түсті. Оның екі мойын омыртқасы сынған.

Ирина Орсагош, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Операциядан кейінгі кезеңде баланың демалу функциясының қалыпқа келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазіргі уақытта ол өздігінен дем ала алмайды. Бұған дейін ресейлік және израильдік дәрігерлердің қарауында болды. Бірнеше консилиум өткізілді. Енді кішкентай сырқаттың денсаулығын жақсарту үшін кешенді ем жасаймыз. Қанша уақытқа созылатынын білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы