386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы саябақ саудагерлерінде санитарлық құжат бар ма?

  • 150
  • UPD: 14:18, 27.07.2019

Саябақтарда сауда жасайтындардың санитарлық кітапшасы бар ма?

Көше бойында тұрып көпшілікке тағам ұсынатындарды кім тексереді? Оларда тазалық талаптары сақталған ба?

Жаздың ыстық күндері қала тұрғындары көбіне бала шағасын ерітіп, балмұздақ алып, саябақты саялайды. Кейде анадайдан иісі аңқып тұратын қуырылған картоп пен жүгеріге жүгіреміз. Бірақ бұл тағамдарды дайындау тәртібі талапқа сай ма? Сатушының санитарлық құжаты бар ма? Кірпияз көрінбейін дейміз немесе қандай да бір қауіптен бейхабармыз әйтеуір ешкімді тексеріп тергемейміз.

БЛИЦ:

– Сұрамаймыз. Неден қоқамыз. Барлық жерде бірдей. Дүкенде осыдан жақсы деп ойламаймын.

– Дүкенде де не сатып жатқаны да белгісіз. Жаман нәрсе ойламай дәмнен рахат аламыз. Ең бастысы осы.

– Ешқашан сұраған емеспіз. Ойымызға да келмепті.

Бірнеше сатып алушыны да сатушыны да сөзге тарттық. Бәрін де деуге келмейді. Бірақ кейбіреуі санитарлық құжаттың жоқ екенін аңғардық.

Ирина Масленко, қалалық саябақт әкімдігінің бөлім басшысы:

– Бұған дейін жалған санитарлық құжатты әкелген жағдайлар болды. Себебі оларды қазір сатып алуға болады. Осыдан кейін Санэпидстанция мамандарын шақырып, кеңес алдық. Олар бізге қандай құжатта мөр болуы керек екенін түсіндірді. Сол бойынша жалған құжаттарды жойдық.

Санитарлық құжаттың жырына алдағы бір екі аптада нүкте қойылады. Тұтынушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елордадағы тамақтану орындарында санитарлық тексерулер туралы ақпарат енгізілген qr коlтар қойылады. Сондай-ақ мұнда келеңсіз жағдайларда арыз-шағым жасайтын call-орталықтың нөмірі көрсетіледі.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ирина Панфилова

Хабар 24 телеарнасы