386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда үшем дүниеге келді

  • 206
  • UPD: 10:24, 27.07.2019
Таразда үшем дүниеге келді

Таразда биылдыққа тұңғыш үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәбилер жоспарланған мерзімнен бірнеше апта ерте жарық көрген. Сондықтан олар алғашқы күннен қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Өмірге аман-сау келген Ислам, Марғұлан және Аслан есімді нәрестелер қазір салмақ қосып, өздерін жақсы сезінеді. 34 жастағы ана Эльвира Қожагелдиева перзентханадан үйіне жіберілді. Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңінде облыста 2 үшем дүние есігін ашқан болатын. Жалпы жыл басынан бері қалада 3296 бала туған.

Эльвира Қожагелдиева, үшемнің анасы:

– Өзімнің 1 балам, 2 қызым бар. Енді сол төртінші баланы дүниеге әкелсек деп ойлаған едік. Үшем Алланың берген сыйы деп ойлаймын бізге. Өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы