386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының құрылысы барысында адам сүйектері табылды

  • 182
«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының құрылысы барысында адам сүйектері табылды

Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің Күйген елді мекені жанынан жол салуға қажетті топырақ алынып жатқан карьерден адам сүйектері табылған.

Оқиға орнына аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы, құқық қорғау мекемесі, прокуратура, қоғамдық ұйымдар, ҰҚК және БАҚ өкілдері арнайы барып бақылап қайтты.

Белгілі болғандай үш адамның сүйегі 10 метр тереңдікте топырақ астынан шыққан. Айта кетсек, бұл жер қорымнан біраз қашықтықта орналасқан. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының бас мердігері «СинеМидасСтрой» компаниясы өкілдері аталмыш оқиға тіркелген сәттен бастап, карьердегі барлық жұмыстарды тоқтатты. Сондай-ақ мердігер компанияның басшысы карьер жұмысын басқа жерге ауыстыруды тапсырды.

Жергілікті тұрғындардың және ақсақалдардың айтуынша, аталмыш жерде қорым болғанын ешкім білмеген. Табылған адам сүйектері қай ғасырға жататыны әзірге белгісіз. Құқық қорғау орындары тиісті экспертиза жүргізгеннен кейін адам сүйектері ауыл іргесіндегі қорымға арулап жерленеді.

Еске салсақ, карьердегі жұмысшылар адам сүйектері табылған сәтте мердігер мекеме «СинеМидасСтрой» басшыларына хабарламастан телефонға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жіберген болатын.

Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев карьер басындағы жұмысшылармен әңгімелесіп, аталмыш жағдай кездессе дереу аудан әкімдігіне, «СинеМидасСтрой» компаниясы басшыларына хабар беруді ескертті.

Ақпарат көзі: kazautozhol.kz

Хабар 24 телеарнасы