386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қараусыз қалған үй жануарлары үшін арнайы орталық салынады

  • 140
Ақтауда қараусыз қалған үй жануарлары үшін арнайы орталық салынады

Ақтауда қараусыз қалған үй жануарлары үшін арнайы орталық салынатын болды.

Өзекті мәселені тәуелсіз экологтар ұзақ жылдар бойы көтеріп келген еді. Олардың айтуларынша, бұралқы ит-мысықты адамдардан оқшау ұстау, бірінші кезекте, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді. Сондай-ақ қаңғыбас хайуанның балаларға шабуыл жасауы мүлдем тыйылады. Бастысы, олардан қала іші тазарады. Бұл орталықты салу үшін кемі екі гектарға жуық жер телімі қажет. Қазір әкімдікпен келіссөздер жүріп жатыр. Айта кетейік, мұнда түз тағылары да ұсталмақ. Өйткені үйірінен адасып қалған қоқиқаз, аққудан бастап дала жануарларының шағын аудандарда жүруі жыл сайын байқалып отыр.

Кирилл Осин, жоба авторы:

– Қараусыз қалған және түз хайуанаттары үшін кешенді күтім жасалатын орталықтың қажеттігі көптен бері айтылып жүр. Ендігі кезекті мәселе оң шешімін тапты деуге болады. Оны салуға қажетті жер телімі қала сыртынан белгіленді. Қазірде жоба құжаттары рәсімделіп жатыр. Орталықты екі жылдан соң іске қосу жоспарланған. Бастапқы кезеңде мұнда 10 жұмысшы болады. Кейін бұл қызметке еріктілер де тартылады.

Хабар 24 телеарнасы