385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу тыйылар емес

  • 199
Ақтөбе облысында рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу тыйылар емес

Ақтөбе облысының жағажайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Себебі тиісті ережені сақтамай, рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу тыйылар емес. Облыста 50-ден астам орын ресми түрде бекітілгенмен, өзен-көлдің кез-келген жеріне түсетіндер бар. Салдарынан қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар жетерлік. Мәселен, жыл басынан бері суға батып кеткен 13 адамның рұқсат етілмеген жерлерде шомылғаны және мас күйінде түскені анықталған. Адамдардың мұндай әрекеті құтқарушыларды алаңдатып отыр. Сондықтан да биыл полиция қызметінің атты жасағы мен алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері кезекшілік атқаруға кірісті. Судан құтқарылған 630 ақтөбеліктің 20-дан астамы солардың үлесіне тиеді.

Бауыржан Сыздықов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

– Сол кісілердің арқасында 26 адамды құтқарып отырмыз. Тағы да айтатыны, біз жекеменшік жағажайлардың құтқарушыларын дайындықтан өткіздік. Тағы бір жаңалығымыз, қазіргі таңда біз бұқарамен жұмыс жасап жатырмыз. Біздің волонтерларымыз бар, блогерлеріміз бар. Оларды да осындай дайындықтан өткіздік.

Хабар 24 телеарнасы