386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда халықаралық «Жайық» экспедициясы мәресіне жетті

  • 211
  • UPD: 13:50, 27.07.2019
Оралда халықаралық «Жайық» экспедициясы мәресіне жетті

Орал қаласында Жайықты бойлай жүзген халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық кезекті экспедиция мәреге жетті,деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастауын Ресей жерінен алған экспедицияның құрамына экологтар мен ғалымдар, екі елдің қоғам қайраткерлері енген. Мақсат – жыл санап арнасы тайыздап, жағалауы жұтап, балық қоры кеміп бара жатқан Жайық өзенінің жағдайына қоғам назарын аударту. Бірлескен келіссөздер барысында осы маңызды мәселе тағы бір рет көтеріліп, дарияның экожүйесін сақтау жолдары айтылды. Шараның қорытындысында оған қатысушылар жергілікті аквамәдени кешенде өсірілген мың жарым шабақты суға жіберді. 

Төреш Мырзашев, балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы БҚОФ директоры:

– Бұл жіберілген балық шабақтары міндетті түрде бірден Каспий теңізіне барып жетпейді. Жолда біраз қашықтық бар. Әртүрлі арелдарды мекен ете тұрады, қоректенеді, әлденеді деген сияқты. Содан кейін  Каспий теңізіне барып, 12-13 жылдан кейін сол уақытта балықтардың біразы Жайық өзеніне қайтып келеді деген ойдамыз.

Юрий Бажуткин, экологиялық қоғам өкілі /Саратов, РФ/:

– Ауаны да, даланы да, жағалауды да сақтау қажет. Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мәселесі де дұрыс көтеріліп отыр. Мен мұны толық қолдаймын. Біздер осы мәселені шешуге атсалысамыз. Бұл мәселенің оң шешілгені келешек ұрпақ үшін қажет.

Хабар 24 телеарнасы