386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы 2021 жылы аяқталады

  • 222
  • UPD: 16:58, 27.07.2019
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы 2021 жылы аяқталады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа барды, деп хабарлайды primeminister.kz

ҚР Үкіметінің басшысына жаңа ғылыми онкологиялық орталықты салу бойынша жол картасын іске асыру барысы баяндалып, ғимаратты жобалау сызбасы таныстырылды. Ғылыми онкологиялық орталық 6 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы — 49 шаршы метрден астам аумақты құрайды. Құрылысты 2021 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, нысанды аралау барысында жер телімін Назарбаев Университетінен республикалық меншікке беру мәселесі де қаралды.

Хабар 24 телеарнасы