386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада иесіз қалған ит пен мысықтардың жәрмеңкесі өтті

  • 205
  • UPD: 16:53, 27.07.2019
Елордада иесіз қалған ит пен мысықтардың жәрмеңкесі өтті

Астаналықтар қараусыз қалған ит-мысықтарды асырап алуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана» концерт залы аймағында иесіз қалған иттер мен мысықтардың «Возьми меня домой» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Мақсаты – шарадағы ит пен мысықтарға сенімді қожайын тауып, азаматтарды иесіз қалған жануарлар мәселелесіне назарын аударту.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, «Астана ветсервис» КМ және жануарлардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері өткізді.

«Бүгінгі жәрмеңкені өткізуге себеп, жыл санап бас қаламызда қараусыз қалған ит-мысықтардың саны көбейіп келеді. Бүгінде қаладағы иесіз қалған жануарларды паналату орталығында 700-ден астам ит пен мысық бар. Дегенмен, ол орталықтың шамадан тыс жануарларды қабылдау мүмкіндігі жоқ. Негізі ереже бойынша паналау орталығына келген ит немесе мысықты 60 күн көлемінде ұстауға ғана рұқсат беріледі. Одан соң үшінші тұлғаға беру қажет. Осы мақсатта бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырудамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.

Сондай-ақ, басқарма өкілі ит пен мысықтарды асырап алушылармен келісімшарт жасалатынын да айтып өтті. 

«Жануарларды алып, оның қызығы басылған соң далаға жібере салатын жайттар да кездесіп жатыр. Өкінішке қарай, ондай адамдар бар. Сол үшін де біз әрбір жеке асырап алушымен келісімшарт жасасудамыз. Әрине, ол азаматтарды нақты бір нәрсеге міндеттемейді, мақсат – жануарды асырап алғаннан кейінгі жауапкершілікті сезіндіру. Және егер ол адам алған ит пен мысықты біз тауып алсақ, ол кісіге екіншілей жануар берілмейді», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы