386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайда алғаш рет бояу фестивалі өтті

  • 184
  • UPD: 19:26, 27.07.2019
Қапшағайда алғаш рет бояу фестивалі өтті

Қапшағай жағалауы түрлі түске боялды. 3 мың адамның басын қосқан бояу фестивалі биыл мұнда бірінші рет өтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар, келушілер үшін ән мен би, қызықты шоу бағдарлама ұсынды. Аты айтып тұрғандай, қатысушылар шара барысында бояу шашып, көңіл көтерді.

Айта кетейік, айналаны түрлі түске бояйтын бұл дәстүр үнді елінен келген. Ұйымдастырушылар енді фестивальді дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Ляззят Салықова, ұйымдастырушы:

Салауатты өмір салтын ұстанып, табиғатты сақтап, пайдалы іспен айналысуды жастарға жеткізгіміз келді. Оларға өмірлерін, ашық-жарқын өткізуді үндедік.

Хабар 24 телеарнасы