386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 2 мыңдай жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған

  • 162
  • UPD: 19:43, 27.07.2019
Шымкентте 2 мыңдай жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған shymkent.prokuror.gov.kz

Шымкент қаласында 2 мыңға жуық жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталмыш мәлімет қалалық прокуратурада өткен кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ұрлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның сақталу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінде айтылды.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен жиында жасөспірімдердің істері туралы құрылған мобильді топтың жұмысы бағаланды. Аталмыш топ 144 алдын алу жұмысын жүргізген.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 344 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған, түнгі уақытта заңды өкілісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 1 983 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылған.

Сонымен қатар қала прокуроры Мақсат Қожабаев «МЖК» аумағында орын алған 3 жастағы бүлдіршіннің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жіті бақылауға алғанын атап өтіп, бұл бағытта жергілікті атқарушы және құқық қорғау орандарына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды.

2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардан мекемеаралық топ құру туралы шешім қабылданды. 

Хабар 24 телеарнасы