386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай жағалауын қоқыстан тазартуға 3 мың ерікті шықты

  • 175
  • UPD: 20:31, 27.07.2019

Алматы облысында «Бірге – таза Қазақстан» деген атаумен экологиялық акция өтті. Оған жиын саны 40 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жастардың үлесі басым. Шараға арнайы келген ақсақалдар да аз емес. Қатысушылар өзендер мен ірі су қоймаларының жағажайларын тазартты.

Қапшағай жағалауын қоқыстардан тазартуға 3 мың еріктілер шықты. Қазір мұнда шомылу маусымы. Сондықтан келушілер көп. Мегаполис қала қасында болғандықтан күніне 10 мыңға тарта турист келіп демалады. Сәйкесінше, қоқыста көп жиналады.

Қапшағай су қоймасында 7 қалалық жағажай орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайды. Акцияға қатысушы десанттар солардың барлығында болып қайтты.

Акция облыстағы барлық 20 аймақты қамтыды. Еріктілер саябақтармен елді мекендердің көшелерін, сонымен қоса Балқаш пен Алакөл жағалауларын да тазартып өтті. Демалушылар да өз үлестерін қосып жатты.

Авторлары: Аслан Иса, Гүлнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы