384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлер Есіл, Қарасу өзендерінің жағалауын қоқыстан тазартты

  • 389
  • UPD: 21:43, 27.07.2019

Бүгін елордалық мыңдаған белсенді экологиялық акцияға қатысты.

#Birge #TazaQazaqstan деп аталатын шараға волонтерлермен қатар министрліктер мен мемлекеттік орган қызметкерлері де қолдау білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қаладағы өзендердің жағасын қоқыстан тазартты.

5 мыңға жуық астаналық үшін бүгінгі сенбі #Birge #TazaQazaqstan акциясынан басталды.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастаған шараны Елорда әкімшілігі қуана қабылдады. Бол жолы тұрғындар демалуға жиі жиналатын қаланың төрт ауданы қоқыстан тазартылды. Акцияға қатысушылар белгіленген аудандарға арнайы автобустармен жеткізілді. Ал ұйымдастырушалар өз кезегінде қолғап, дорба сынды керек-жарақтармен қамтамасыз етті.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

Бұл эфтафетаны жүйелі түрде жасағымыз келеді. Қазір жазғы уақытта әсіресе жастар бос. Волонтерлер бар. Өздеріңіз көріп отырғандай, жанашыр азаматтардың барлығы келді. Өткен жұмада басталған акция қазір республикалық акцияға айналды. #Birge #TazaQazaqstan акциясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдады. Үкімет мүшелері келіп жатыр. Премьер-министр қатысуда. Бұл дегеніміз, барлығымыз бірге жасасақ, сонда таза болады. Тазалықты өзімізден бастау крек. Мәдениет, тазалық ол біздің қоғамның дамуын көрсетеді.

Акция барысында Есіл, Қарасу өзендері жағалауы мен Майбалық және Вячеслав су қоймалары маңынан 20 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Олардың көбі пластик пакеттер мен бөтелкелер.  Акцияға қатысушылар шашылған қоқыспен күресудің өз тәсілдерін ұсынды.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Біріншіден, қоқыс контейнерлерінің санын көбейту керек. Байқағанымыздай, қоқыс өте көп. Мына жерде екі-ақ контейнер қойылған. Бұл аз. Жағалауды бойлай 10-20 контейнерден қою керек. Екіншіден, тұрғындардың санасында тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру керек.

Өткен аптада Қоянды су қоймасы аумағында осындай акция өткен болатын. Мыңнан астам адам тазалық үшін күресіп, қойма маңынан 10 тонна қоқыс жинаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы сияқты акциялар бес жыл көлемінде өткізіліп келеді. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар қала волонтерлері белсенді қатысуда.

Асылбек Бахытбекұлы, «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары:

Қала бойынша төрт жерде жинау жұмыстары басталды. Олардың арасында қалада қоқыстанған жерлерде ластанған жерлерде пластик, шыны ыдыстарын жинауға көмектесіп отырмыз. ++Бүгіy 20 тоннаға жуық қоқыс жинаймыз деп белгіленіп отыр. Соның ішінде «Жасыл ел» жобасы арнайы жасақтары #Birge #TazaQazaqstan акциясына 100-ге жуық студенті алып келіп отыр.

Шашылған пакеттер, қираған шынылар демалушылар қалдырып кеткен өзге де заттар енді мүлдем болмағандай. Шөп қырқылды, қоқыс жиналды. Енді мазайлайтын бір-ақ сұрақ: бұл тазалық қашанға дейін сақталады?  Дүйім ел болып жиналған жерлердің бәз қалпына түспейініне кім кепіл?

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы