386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған жануарлар таратылды

  • 145
  • UPD: 22:38, 27.07.2019

Бүгін елордада қараусыз қалған жануарлар таратылды. Шара аясында қала орталығында «Мені үйге ал» деген атаумен көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.

Серафим Плахута, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Анам маған ит алып бергеніне өте қуаныштымын. Жүрегімде бір жылу пайда болды. Мен оны үйде бағамын. Оны жақсы күтіп, барлық жамандықтан қорғаймын.

Ольга Котенко, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мұндай жәрмеңке ұйымдастырғаны жақсы болды. Көптен бері ит асырап алғымыз келіп жүрген. Акцияда алған итіміз ұлыма қатты ұнады. Егер бізге үйренбей жатса, уақытша панасына қайта тапсырамыз. Өйткені жануарларды далаға тастауға болмайды.

Жануарды үйге алу үшін тұрғындар алдымен келісімшартқа қол қояды. Содан кейін оларға ветеринарлық төлқұжаты беріледі. Жәрмеңкеге тек санитарлық бақылаудан өткен таза иттер мен мысықтар әкелінген. Бүгінде елордада қараусыз қалған жануарларды уақытша күтетін арнайы мекеме жұмыс бар. Бірақ ондағылар қараусыз қалған жануарларды екі айдан артық ұстамайды.

Дана Тұрғынова, Қалалық сапа ортасы және бақылау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Нұр-Сұлтанда жануарларға қызығушылық аз болып тұрғандықтан, қазіргі таңда бұл мекемеде 700-ден астам ит пен 100-ге тарта мысық өз қожайындарын күтіп отыр. Осы мәселені шешу үшін біз қала волонтерлерімен қосылып, осындай жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Біздің бірінші мақсатымыз - үйсіз қалған ин пен мысыққа жауапты қожайын тауып беру.

Хабар 24 телеарнасы