386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Таза Қазақстан» акциясына 33 мыңға жуық адам қатысты

  • 192
  • UPD: 23:43, 27.07.2019

«Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығы да белсенді қатысып жатыр.

Бүгіннің өзінде 33 мыңға жуық тұрғын өздері тұрып жатқан аумақты тазартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде тек Өскемен қаласының өзінен 224 тонна қоқыс шығарылған. Республика бойынша өтіп жатқан акцияға қарапайым тұрғындармен бірге облыс басшылары да қатысып, тазалық жұмыстарына қолғабыс етті.

Экологиялық акцияға қатысқан өскемендіктер жауын-шашынға да қарамады. Халық та, ұлық та қолына құрал-сайман алып тазалыққа кірісті. Көппен бірге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев тазалық жұмыстарына қатысты. Ол бұрын өзі әкім болған шаһардың тазалығынан бастап, барлық саладағы мәселені жатқа біледі. Ал жалпы бүгінгі сенбілікке қала бойынша 140-тан астам кәсіпорынның жұмысшылары шықты.

Нұрбек Боранғазы, қала тұрғыны:

- Еліміздің әрбір аумағында, әрбір облысында осы экологиялық акциясын өткізіп, су жағалауындағы кірлеп кеткен жағажайларды тазалап жатырмыз. Сондықтан біз бүгін барлық мемлектетік қызметкерлер жиналып, осы акцияны өткізуге атсалысып жатырмыз.

Өскемендіктер сенбілікті  бірнеше аумақ бойынша өткізді. Негізінен Ертіс пен Үлбі өзенінің бойын және қоғамдық  жағажайды тазартты. «Таза Қазақстан» акциясына облыс бойынша тек бүгін 33 мың адам қатысты.

Татьяна Филонова, қалалық №10 өзін өзі басқару комитеті филиалының директоры:

- Демалыс аймағына келгендер тазалыққа мән бермейді. Соңында қоқыс қалады. Бүгінгі сенбіліктің сәл де болса, сол қоқысты тазартуға септігі тиіп жатыр.

Бірігіп атқарғын жұмыс өнімді болады. Сондықтан тазалыққа қала тұрғындары жаппай жабылып кірісті. Ал жастар жағы жұмыс істей жүріп өзара бәске де өткізді. Ең бастысы, өздері тұрып жатқан, ауыл-аймақ пен қаланың таза болуына атсалысу.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы