384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда МЖӘ аясында 24 жоба жүзеге асырылады

  • 296
  • UPD: 07:58, 28.07.2019
Оралда МЖӘ аясында 24 жоба жүзеге асырылады

Батыс Қазақстан облысында биыл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 24 жоба жүзеге асырылмақ.

Өңірдің 5 медициналық мекемесінде инвесторлар жаңа жабдықтар орнатуды көздеп отыр. Олардың құны 5 жыл ішінде бюджеттен қайтарылмақ. Көшелерді жарықтандыру, мектептер мен фонтандарды жөндеу, балабақша мен спорт нысандарын салу жобаларының құжаттары конкурстық процедурадан өтуде. Сондай-ақ бірқатар оқу орындары мен мектеп асханаларын сенімді басқаруға беру жоспарлануда. Логистика саласында 2 ауқымды жоба қолға алынды. Бәйтерек ауданында жергілікті компаниялардың бірі бейнебақылау жүйесін орнатып жатса,  Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 300 шақырымдық бөлігін күтіп ұстау жеке кәсіпкерге жүктеліпті. Келешекте жолдарды салу мен жөндеу ісі де әріптестік аясында іске аспақ.

Медет Шакаев, облыстық автожолдар мен жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы бойынша басқармамен жоспарланып жатыр, ірі жобаларды ұйымдастыруға. Бұл құрылыс, жаңа жаңғырту және жөндеу жұмыстары жолдардың.

Хабар 24 телеарнасы