386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда полиция «Қауіпсіз жол» аясында жұртқа жолда жүру ережелерін түсіндірді

  • 206
  • UPD: 08:28, 28.07.2019
Атырауда полиция «Қауіпсіз жол» аясында жұртқа жолда жүру ережелерін түсіндірді

Қазір республика бойынша «Қауіпсіз жол» акциясы жүріп жатыр. Атырау облысының полицейлері барлық аудандар мен елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға жол қауіпсіздігі ережелері туралы түсінік жүргізді. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік апаттары азаймай тұр. Осыған байланысты енді құқық қорғау органдары бақылауды күшейтпек ниетте. Өйткені осы шара өткен 5 күн ішінде елуге жуық жүргізуші түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Себебі өз құқықтарын білмейді. Оған қоса енді полиция қызметтік көліксіз де айыппұл сала алады. Өйткені жауапсыз жүргізушілер тек арнайы автокөлік кездессе ғана жылдамдықты азайтатын болған.

Бауыржан Сәрсекенов, облыстық полиция департаментінің қызметкері:

- ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес Атырау облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз жол-көлік оқиғасының алдын алу және жүргізушілерге жол ережесін түсіндіру.

Хабар 24 телеарнасы