384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда #Birge #ТazaQazaqstan акциясы аясында Көкжайлау үстірті тазаланды

  • 623
  • UPD: 14:37, 28.07.2019

Алматы тұрғындары #Бірге - #Taza Qazaqstan шарасына белсенді қатысты. Алатау бөктерін бетке алған халық Көкжайлау үстіртін тұрмыстық қалдықтан тазалады.

Сонымен қатар сегіз шақырымдық таулы жолды жаяу бағындырды.

Таң атысымен қолдарына қолқап киіп, қоқысқа арналған дорба қолтықтаған жастар Алатаудың бөктерін жаяу бағындырды. Басты мақсаты Көк-Жайлау үстірті мен оған апаратын жолды тұрмыстық қалдықтан тазарту. Сегіз шақырымды құрайтын таулы жолды бағындырған жастар алты тонна қоқысты арнайы қаптарға тиеді.

Рахымжан Мамырбек, тұрғын:

- Мұндай шараларды көбірек өткізген дұрыс сияқты. Менің ойымша, қаланың тазалығына, өзіміздің табиғатымыздың тазылығына. Адамдар тека тазалық үшін емес, демалып, табиғатты көріп, бой жазып, күндегі жұмыс үйден сергіп қалады деген ойдамын.

Мадияр Тұрғанов, студент:

- Қоқыс жинау, Алматыны тазалау іс-шарасы өте қажет деп, ойлаймын. Және де бүгінгі күнгі жастардың осындай іс-шараға толықтай шығып жатқаны әрқайсымыздың көңіл қуанышымыз болады, деп ойлаймын.

Сенбілікті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бастап, тұрғындармен бірге тауға шықты. Тазалық акциясын Алатаудан бастаудың өзіндік мәні бар, дейді ұйымдастырушылар. Яғни тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Айсұлу Ерниязова, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы:

- Бірқатар тұрғындар үшін апта сайын тауға шығып, демалу тұрақты өмір салтына айналған. Ең бастысы тұрмыстық қалдық тастамаса болғаны. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың экологиялық мәдениеті артуда. Елімізде көптеген табиғаты көркем жерлер бар. Соны сақтауымыз керек.

Таңғы сағат сегізде басталған сенбілік жеті сағатқа созылды. Таза Алматы шарасына мың жарым адам қатысты. Олар мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, танымал жұлдыздар мен жастар.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы