386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы емханада цифрлық жүйенің арқасында кезек күтуші саны азайған

  • 157
  • UPD: 14:37, 28.07.2019

Медицина саласын цифрландырудың оң әсері көп. Сандық жүйе жедел жәрдем қызметінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп отыр.

Орталыққа келіп түскен шақыртулар электронды түрде рәсімделіп, науқастың мекен жайына жақын жердегі жедел жәрдем бригадасына жіберледі. Ал ақпарат дәрігердің қолындағы планшетке келіп түседі. 

Қазір қаладағы емхана дәліздерінде кезек күтіп, сапырылысқан адам көрінбейді. Бұл сандық жүйенің нәтижесі дейді дәрігерлер. Емделушілер үйінде отырып, дәрігердің қабылдауына жазылып, тіпті сараптама нәтижесін мобильді қосымша арқылы көре алады.

Мақпал Сайлаубекова, емделуші:

- Дәрігерлерге өзім жазыла аламын. Және де тапсырған анализдардың нәтижелерін қарап отырамын. Және де қандай 5-6 врачтарға жазыламын да оның қай күні, қай сағатқа жазылғаным бәрі жазылып тұрады. Керемет ыңғайлы.

Ал мынадай инфобокстарда емхана туралы барлық ақпарат бар. Кабинеттер қайда орналасқан, дәрігерлердің қабылдау уақыты, қандай қызметкерлер жұмыс жасайды соның барлығы енгізілген. Сандық жүйе дәрігерлердің де жұмысын жеңілдетті дейді мамандар. Электронды құжат айналымының арқасында ауруханалар мен емханалардың арасындағы байланыс жақсарған.

Қаламқас Қалиева, цифрландыру және статистикалық есеп беру бөлімінің басшысы:

- Бұрын стационарлар қаладағы ауруханалар бізге телефон арқылы өздерінен емделіп шыққан пациенттердің диагнозын актив ретінде бізге телефон арқылы жіберетін. Ал қазір ешкім қоңырау шалмайды. Барлығы автоматты түрде актив бұл прграммада тұрады, учаскелік дәрігер сол активті көріп ауруханадан шыққан пациенттің үйіне барып, ары қарай динамикалық түрде диспансерлік бақылауға алады, ары қарай емін жалғастырады.

Сандық жүйе жедел жәрдем қызметінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп отыр. Орталыққа келіп түскен шақыртулар электронды түрде рәсімделіп, сандық карта арқылы науқастың мекен жайына жақын жердегі жедел жәрдем бригадасына жіберледі. Ақпарат дәрігердің қолындағы планшетке келіп түседі. 

Шаихидин Бадиров, жедел жәрдем қызметі басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасарының м.а:

- Орта есеппен алғанда бұрын жедел жәрдем қала ішінде 18 минутта жететін. Қазіргі уақытта сандық карта арқылы 14-15 минутта тиісті жерге жете алады. Шақыртуды қабылдауға кететін уақыт та қысқарды.

Алдағы уақытта қаладағы жедел қызметтер – өрт сөндіру, құқық қорғау қызметтерін сандық жүйеде интеграциялау қолға алынбақ.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы