386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музей қызметкерлері #Birge#TazaQazaqstan акциясына қатысты

  • 187
  • UPD: 17:54, 28.07.2019

Ұлттық музей өкілдері #Birge#TazaQazaqstan атты экологиялық акцияға қолдау білдіріп, сенбілікке шықты.

Қолдарына күрек пен қап ұстаған 100-ден аса қызметкер Есіл өзенінің жағасын тазалады. Терілген қоқыс көп. Қалдықтарды жинауға еріктілер де қолғабыс етті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

– Мен отбасыммен бірге осы шараға қатысып жатырмын. Аз ғана уақыттың ішінде өкінішке орай, Есіл өзенінің жағасында табиғатқа зиян келтіріп жатқан қаншама зат жатқанына көзіміз жетті. Сондықтан, бұл Қазақстанның тазалығы, Қазақстанның ынтымақтастығы, Қазақстанның келешегі үшін өте маңызды. Осы шараны әрі қарай жалғастырайық.

Хабар 24 телеарнасы