386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жанармай бағасы тұрақты

  • 123
  • UPD: 08:57, 29.07.2019
БҚО-да жанармай бағасы тұрақты

Батыс Қазақстан облысында биыл Ресейден жеткізілетін импорттық жанармай өнімдері азайып, жалпы тұтынылатын мөлшер 30%-ке дейін төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айына өңірде 10 тонна бензин және осынша мөлшерде дизельді отын сатылады. Соңғысына сұраныс артып келеді. Мамандар мұның себебін транзиттік жүк көліктерінің ел аумағындағы қосындарда май құятындығымен түсіндіреді. Өйткені Қазақстандағы солярка бағасы көрші елмен салыстырғанда едәуір арзан. Энергетика басқармасы басшылығының айтуынша, өңірдегі жанармай құны тұрақты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 140-145 теңге болса, дизельді отын 194 теңге төңірегінде. Өңірде керекті жанармайдың бір айлық қоры бар.

Абдрахим Малабаев, жүргізуші (Өзбекстан):

Қазақстанда солярка арзан. Сондықтан мен көбінесе осы жақтан шығарда бакты толтырып жасап аламын. Ал Ресейде қымбат. Бізде мұнай жоқтың қасы. Ең арзан жанармай осында. Ресейліктер де осы жақтан құяды.

Бейімбет Мусин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы

- Атыраудағы мұнай өндіру зауытында осы айдың аяғына дейін жөндеу жұмыстары бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі бензин және дизель көлемі басқа Павлодар қаласындағы зауыттардан тасымалдануда. Енді қазір Орал қаласындағы кейбір бензин құю станцияларында АИ-95 маркалы бензин тапшылығы байқалуда.

Хабар 24 телеарнасы