386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурызым ауданында жолдардың жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан

  • 151
  • UPD: 09:57, 29.07.2019
Наурызым ауданында жолдардың жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан

Қостанай облысының Науырызым ауданында жергілікті маңыздағы жолдардың жөнделмегеніне ширек ғасырдан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Өлеңді-Буревестник бағытындағы тас жолдың тозығы жеткендігі соншалық ой-шұңқырына бүтін бір көлік батқандай. Байырғы бай шаруашылықтың орталығынан жұрттың үдере көшуінің бірден-бір себебі, сол жол қатынасының қиындығы болатын. 53 шақырымдық осы бір аралықты жөндеу жұмыстары былтырдан бастап қолға алынды. Төрт жылға есептелген бұл жобаға 800 миллион тенгеге жуық қаржы қаралған. Биыл мердігерлер 53 шақырымдық қашықтықтың жартысын еңсереміз  деп отыр. Бұдан бөлек алдағы жылдары басқа да ауыл жолдарын жөндеу жоспарда бар.

Жолдас Анаев, Наурызым аудандық түкш, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

- Келесі кезекте Әулиекөл-Жалдама күре жолымен түйісетін Дәмді, Қожа ауылдарының жолдарын жөндеу басты мақсаттарымыздың  бірі. Қазір осы екі нысанның жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы