386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 5051 отбасы үйлеріне оралды

  • 165
  • UPD: 12:00, 29.07.2019
Арыста 5051 отбасы үйлеріне оралды egemen.kz

9 шілдеге қарай құрылысшылар Арыс қаласында 2707 үйді пайдалануға тапсырды.

Тағы 2344 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мұнда шатыр жөнделіп, терезелер орнатылды, кейбір нысандарда косметикалық жөндеу жүргізу ғана қалды. Бүгінгі таңда 5051 отбасы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы қалпына келтіру жұмыстарын 7785 құрылысшы жалғастыруда. Бір ай бойы олардың қатары күн сайын ондаған адамнан екі жүзге дейін толықтырылып отырды. Ауқымды құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар жұмылдырылған. Арыста ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап министрлік атынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев қалпына келтіру жұмыстарына бақылау және мониторинг жасау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы