386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жас өрт сөндірушілер білімін жетілдіріп жатыр

  • 107
  • UPD: 12:32, 29.07.2019
Шымкентте жас өрт сөндірушілер білімін жетілдіріп жатыр

Шымкентте азаматтық қорғау саласындағы аймақтық оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы оқытушылар құрамының алдында жас мамандарға азаматтық қорғау органдарының ұйымдастырушылық құрылымы мен құқықтық мәселелерді түсіндіру міндеті тұр.

Бұл туралы тәлімгерлермен жүздескен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов мәлімдеді. Көкшетау техникалық институтының құрылымдық бөлімшесі саналатын орталықта 28 оқытушы сабақ береді. Қазір мұнда 3 оқу сыныбы бар. Қайта даярлау курсында тәлім алатындар қалалар мен елді мекендерде өртті сөндіру және төтенше жағдайларды жою тактикасы бойынша теориялық білім алып, тәжірибеде дағдыларын жетілдіреді.

Аманбек Бейсенбаев, қалалық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің басшысы:

- Жалпы оқу орталығының мақсаты - бұл өртке қарсы азаматтық қорғау органдарына жаңадан жұмысқа қабылданған тәлімгерлерді алғашқы даярлықтан өткізеді. Оқу орталығында қазіргі таңда 4 өңірден келген тыңдаушылар бар. Бір апта көлемінде оқу процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда осы оқу барысына Алматы қаласынан 29 қызметкер, сонымен қатар Жамбыл облысынан 10, Шымкент қаласынан 14, Түркістан облысынан 6 азамат бүгінгі таңда жалпы саны 60 адам оқып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы