386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біртанов балалар дәрігерін қамау ісіне байланысты шенеуніктерді сынға алды

  • 169
Біртанов балалар дәрігерін қамау ісіне байланысты шенеуніктерді сынға алды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтауда балалар дәрігерін қолдаусыз қалдырып, қамауға алуға жол берген Маңғыстау облыстық кәсіподақтар мен денсаулық сақтау басқармасын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Ақтаудағы әріптесімізге қатысты жағдайға байланысты. Меніңше, денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты толыққанды жұмыс істемеген. Істің сотқа өтіп кетуіне дейін күтіп отырған, бұл қоғамдық резонанс туғызды. (...) Дәрігерлер кәсіподақтардың қайда қарап отырғанын жазып жатыр. Мен өзім де жедел медициналық қызмет көрсету саласында істедім, көңілі толмаған туыстары сотқа беру немесе сол сияқты жағдайлар талай болған. Ол кезде сен жалғыз қаласың, ешқандай кәсіподақ, ешқандай адвокат болмайды: мұның барлығы ақша», – деді Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің алқасында. 

Министр мұндай жағдайларды бейбіт жолмен шешу керектігін айтты. 

«Қазір осы мәселе әлеуметтендірілді. Сол себепті бүкіл ел, барлық медицина саласының мамандары ешқандау қорғау және дұрыс шешім шығарылғанын көре алмады», – деді министр. 

Оның айтуынша, өзін қорғанышсыз сезінген дәрігер мотивациясынан айырылады, ал медициналық ЖОО студенттері практика өткісі келмейді. 

«Ешбір кәсіподақтың халық алдына шығып сөйлегенін көрмедік. (...) Мен оның қоғамдық ұйым екенін білемін. Бірақ адамдар осы кәсіподақтарға ақша төлейді. Адвокат жалдауға және осы мәселелерді шешу жолында кеткен шығындардың бір бөлігін өтеуге болатынына үміттенемін», – деді министр. 

19 шілдеде танымал ақтаулық балалар дәрігері қамауға алынды. Оның ауруханаға келушілердің бірімен жанжалдасқаны үшін қамаған. Дәрігер бір тәулік бойы темір тордың арғы жағына тоғытылды. 

Хабар 24 телеарнасы